shape
shape

Cloud Lab

КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫ · ЗЕРТХАНАЛАР

«Cloud Lab» зертханасы

Бұлттық технологиялар және виртуализация зертханасы.

ОРНАЛАСУЫ

№301

аудитория

АУДАНЫ

49,5 м²

зертхана аумағы

ОРЫН САНЫ

18

орын

Зертхана туралы

«Cloud Lab» бұлттық есептеу ұғымдарын, виртуалды инфрақұрылымды басқару тәсілдерін және желілік сервистерді ұйымдастыру қағидаларын оқытуға бағытталған зертхана. Бұл ортада білім алушылар виртуалды машиналар, клиент–серверлік архитектура, контейнерлеу және бұлттық сервистерді қолдану сценарийлерін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес модельдей алады.

Мақсаты

Бұлттық есептеу, виртуализация және ІТ-инфрақұрылымды басқару технологиялары бойынша практикалық құзыреттер қалыптастыру.

Негізгі міндеттері

01. Виртуалды машиналарды баптау және әртүрлі операциялық жүйелердің жұмысын зерттеу.

02. Бұлттық сервистердің архитектурасын, ресурстарды бөлу және қолжетімділікті ұйымдастыру қағидаларын түсіндіру.

03. Контейнерлік орта мен клиент–серверлік қосымшалардың демонстрациялық сценарийлерін әзірлеу.

04. Бұлттық инфрақұрылымның сенімділігі мен ақпараттық қауіпсіздігіне қатысты оқу тапсырмаларын орындау.

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

10

ASUS компьютерлік жұмыс орындары

1 компьютерде — 16 ГБ жедел жады, қалған 9 компьютерде — 8 ГБ жедел жады

Проектор

Магнитті-маркерлік тақта

Кондиционер

ЗЕРТХАНА ЛАБОРАНТЫ

Дүйсенбаева К.А.