Университет ғалымдарына күн коллекторына патент берілді
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде кезекті маңызды жетістікке қол жеткізді.
Университет ғалымдары Рустамов Насим Тулегенович, Мұхамеджанов Нурідін Бақтиярұлы және Бабахан Шохрух Абдилкасымұлына «Көп деңгейлі когенерациялық фракталдық күн коллекторы» атты пайдалы модельге №12787 патент берілді. Патенттің берілген күні – 2026 жылғы 21 тамыз.
Ұсынылған құрылғы күн энергиясын тиімді пайдалануға арналған. Көп деңгейлі және фракталдық құрылым күн сәулесін қабылдау ауданын ұлғайтып, энергияны түрлендіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, когенерациялық жүйе күн энергиясы негізінде жылу және электр энергиясын қатар өндіруге бағытталған.
Бұл патент жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалану, энергия үнемдеу және экологиялық қауіпсіз технологияларды дамыту бағытындағы маңызды ғылыми нәтижелердің бірі болып табылады. Жаңа техникалық шешім күн энергетикасы қондырғыларының өнімділігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды әртүрлі климаттық жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.
Аталған жетістік университет ғалымдарының ғылыми әлеуеті мен инновациялық ізденістерінің жоғары деңгейін көрсетеді. Патенттелген пайдалы модель жаңартылатын энергетика саласының дамуына, заманауи инженерлік шешімдерді өндіріске енгізуге және отандық ғылымның өркендеуіне елеулі үлес қосады.
СПАРТАКИАДА — 2026
Сабақ кестесі
Жаңа тұлға. Жаңа мақсат. Жаңа мүмкіндіктер!
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз!
Спорттық бағдарламалау
«Networking: Developers’ party»
«Networking: Developers’ party» 