
Кафедраның мақсаты
Компьютерлік инженерия кафедрасының негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық жүйелер, компьютерлік инженерия, жасанды интеллект, деректерді талдау және бағдарламалық қамтамасыз ету салаларында терең теориялық білімге, жоғары кәсіби құзыреттілікке және практикалық дағдыларға ие, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке қабілетті, ұлттық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау.
Кафедраның негізгі міндеттері
01 / 08
Сапалы білім беруді қамтамасыз ету
білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына, заманауи технологиялық үрдістерге және халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес жетілдіру.
02 / 08
Кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру
білім алушылардың бағдарламалау, компьютерлік жүйелер мен желілерді жобалау, деректер қорын басқару, киберқауіпсіздік және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бағыттарындағы теориялық білімі мен практикалық дағдыларын дамыту.
03 / 08
Инновациялық технологияларды меңгерту
жасанды интеллект, машиналық оқыту, үлкен деректерді өңдеу (Big Data), бұлттық есептеулер, заттар интернеті (IoT) және интеллектуалды жүйелер технологияларын оқу үдерісіне енгізу.
04 / 08
Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту
профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ғылыми жобаларға, гранттық зерттеулерге, халықаралық конференцияларға және инновациялық әзірлемелерге қатысуын ынталандыру.
05 / 08
Практикаға бағытталған оқытуды дамыту
зертханалық және практикалық сабақтардың сапасын арттыру, заманауи IT инфрақұрылымын пайдалану және өндірістік серіктестермен бірлескен білім беру қызметін кеңейту.
06 / 08
Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен академиялық байланыстарды дамыту, білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қолдау.
07 / 08
Цифрлық және тұлғалық құзыреттіліктерді жетілдіру
білім алушылардың сыни және жүйелі ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, командалық жұмыс, кәсіби коммуникация және өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру.
08 / 08
Түлектердің еңбек нарығына бейімделуін қамтамасыз ету
IT компанияларымен, өндірістік кәсіпорындармен және мемлекеттік ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту арқылы түлектердің кәсіби дамуына және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН СЫН-ҚАТЕРЛЕР
NEXTGEN FEST - IT Апталығының ХАКАТОН кейстары
NEXTGEN FEST - IT Апталығы
«Тәуелсіз Қазақстанның 35 жылы: ғылым, жасампаздық және болашақ» атты XXXV студенттік ғылыми-теориялық конференция өтеді.
Нақты уақыттағы адам жаттығуларын тану және бағалау үшін позаға негізделген уақыттық модельдеу
СПАРТАКИАДА — 2026
Жаңа тұлға. Жаңа мақсат. Жаңа мүмкіндіктер!
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз! 