Қазақстандық ғалымдар Лондонда өткен The European Conference on Education – 2026 халықаралық конференциясында зерттеу нәтижелерін таныстырды
AP26193791 «Жаратылыстану пәндерін оқытуды дербестендіру үшін жасанды интеллектілі геймификациялық цифрлық ортаны әзірлеу мен іске асырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» атты гранттық жоба аясында 2026 жылғы 6-12 шілде аралығында жоба жетекшісі Г.Ж.Ниязова және зерттеу тобының мүшелері И.Б.Үсембаева, Н.М.Жүнісов, А.Н.Аманов Ұлыбританияның Лондон қаласына ғылыми іссапармен барды.
Іссапар мақсаты: The European Conference on Education (ECE- 2026) IAFOR конференциясына қатысу, педагогикалық бағыттағы жетекші ғалымдармен тәжірибе алмасу және тағылымдық дәрістеріне қатысу.
he European Conference on Education (ECE- 2026) IAFOR конференциясы халықаралық конференция SOAS University of London және University College London (UCL) университеттерінің базасында ұйымдастырылфп, білім беру саласындағы заманауи зерттеулерді, инновациялық педагогикалық тәсілдерді және цифрлық технологияларды талқылауға бағытталған халықаралық ғылыми алаң болды.
Конференция барысында жоба зерттеу міндеттеріне сәйкес зерттеу тобының мүшелері жасанды интеллект, геймификация және цифрлық білім беру технологияларын жаратылыстану пәндерін оқытуда қолдану мәселелеріне арналған ғылыми баяндамалар жасады.
Атап айтқанда, төмендегі тақырыптар бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылды:
- «The Pedagogical Effectiveness of Integrating Gamification and AI Tools in Teaching Physics» (Баяндамашылар: И.Усембаева, Г.Ниязова).
- «Evaluating the Effectiveness of Gamification Technology in Teaching Science Subjects» (Баяндамашылар: А.Аманов, Н.Жунисов).
- «Development and Evaluation of a Gamified Digital Platform for Science Education in Secondary Schools» (Баяндамашылар: Н.Жунисов, А.Аманов).
Зерттеу тобының халықаралық конференцияға қатысуы жоба аясында алынған ғылыми нәтижелерді халықаралық ғылыми қауымдастыққа таныстыруға, шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасуға және білім берудегі жасанды интеллект пен геймификация технологияларын дамыту бағытындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
The European Conference on Education – 2026 конференциясындағы ғылыми пікірталастар мен кәсіби кездесулер жоба нәтижелерін одан әрі жетілдіруге және жаратылыстану пәндерін оқытуды дербестендіруге бағытталған жасанды интеллект негізіндегі геймификациялық цифрлық ортаны әзірлеу бойынша зерттеулерді дамытуға ықпал етті.
Сабақ кестесі
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз!
Спорттық бағдарламалау
«Networking: Developers’ party»
«Networking: Developers’ party» 