shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Sussex университетімен ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іссапар

AP26193791 «Жаратылыстану пәндерін оқытуды дербестендіру үшін жасанды интеллектілі геймификациялық цифрлық ортаны әзірлеу мен іске асырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» атты гранттық жоба аясында 2026 жылғы 13 шілдеде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің зерттеу тобы Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Sussex университетінің School of Education and Social Work мектебіне академиялық сапармен барды.

Ғылыми іссапардың мақсаты – білім беру және ғылыми-зерттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, мұғалімдерді даярлау тәжірибесімен алмасу, цифрлық білім беру мен жасанды интеллект технологияларын жоғары білім беру жүйесіне енгізу тәжірибесін зерделеу және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы академиялық серіктестікті дамыту.

Сапар бағдарламасы университет өкілдерімен ресми кездесуден басталды. Делегацияны  Sussex университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректорының орынбасары Professor Simon Thompson қарсы алып, университеттің халықаралық даму стратегиясы, ғылыми-зерттеу қызметінің басым бағыттары және халықаралық серіктестік желісі туралы ақпарат берді. Кездесу барысында Қазақстанның жоғары оқу орындарымен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және академиялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Кейін School of Education and Social Work мектебінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті. Жиынға Professor Simon Thompson, Dr Keith Perera және Dr Marcelo Staricoff қатысты. Тараптар мұғалімдерді даярлау, педагогтердің кәсіби дамуы, білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер, цифрлық құзыреттіліктерді дамыту және бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Sussex университетіне ұйымдастырылған ғылыми іссапар зерттеу тобы үшін халықаралық тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Сапар барысында білім берудегі цифрлық инновациялар, жасанды интеллектіні тиімді қолдану және педагогикалық тәжірибелерді жетілдіру бағыттарында құнды ақпарат алынды. Университет мамандарымен өткен кездесулер мен практикалық семинарлар жобаның ғылыми-әдістемелік мазмұнын толықтыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, тараптар академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және халықаралық жобаларға қатысу бағыттарында ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.