shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Студенттеріміз республикалық конкурста жеңімпаз атанды!

Керемет жаңалық! 

Инженерия факультеті, Компьютерлік инженерия кафедрамыздың студенттері Абдулахадов Ислам мен Хинизов Милаз Қазақстан Республикасының Банктерінің Ассоциациясы (ҚБА) ұйымдастырған қаржы саласындағы жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, финтех және цифрлық шешімдер жөніндегі студенттік жобалар мен зерттеулер конкурсының финалында 1-орын иеленді! 

Жоба: “AI for Finance: Қаржылық алаяқтыққа нақты уақыт режимінде қарсы әрекет жасайтын интеллектуалды жүйе” — банктік транзакцияларды лезде талдап, күмәнді операцияларды анықтайтын, қауіп-қатерді төмендетуге бағытталған шешім.

Бұл жеңіс – оқытушылармыздың еңбегі, студенттеріміздің білімділігі, ғылыми жетекшілердің қолдауы және командамыздың табанды ізденісінің нәтижесі. ҚРБА және конкурсты ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз!

Студенттеріміз Ислам мен Милазды, кафедрамыздың жас, білікті, ізденімпаз оқытушысы Сердалиев Ерланды жеңісімен құттықтаймыз! Алға, жаңа жеңістерге!