shape
shape

Бағдарламалар

Инженерия факультеті / Компьютерлік инженерия кафедрасы / Бакалавриат

6B06151 - Ақпараттық жүйелер

Course Image Инженерия факультеті Компьютерлік инженерия кафедрасы

Математикалық, бағдарламалық, ақпараттық, лингвистикалық, техникалық және түрлі ақпараттық жүйелерді құқықтық-ұйымдастырушылық қамсыздандыру, ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу, қолдау және іске асыруға қабілетті ақпараттық жүйелер және технологиялар саласындағы бәсекеге қабілетті бакалаврларды даярлау.

Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының экономикалық даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық сапасын бағалауды реттейді және студенттерді оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізеді. Білім беру бағдарламасы әртүрлі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін пәндердің траекториясын таңдаудың алуан түрімен ерекшеленеді. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қамтиды.

  • Зерттелетін салада мәліметтерді  жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады .
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады. 
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
  • (Ақпараттық жүйелер) бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Бакалавриат бағдарламаларын меңгерген түлектердің кәсіптік қызмет саласы ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу қызметтерін көрсетуді қамтиды.
  • Бакалавриат бағдарламаларын меңгерген түлектердің кəсіби қызметінің объектілері ақпараттық процестер, технологиялар, жүйелер жəне желілер, олардың аспаптық (бағдарламалық, техникалық, ұйымдық) жасақтамасы, адам қызметінің түрлі салаларында ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері мен жолдары, түзету, әзірлеу жəне енгізу болып табылады.