shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы мәлімет

Кафедра ақпараттық технологиялар саласы бойынша заман талабына сай мамандарды дайындап шығару мақсатында 1999 жылы ашылып, кафедра меңгеруші қызметіне техн.ғ.д., профессор Е.Есенов тағайындалды. Осы кафедраның ашылуына көп еңбек сіңірген техн.ғ.д., профессор Н.Т.Рустамов 2001-2002 оқу жылында кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Кафедрада 2002-2003 оқу жылына дейін мына мамандықтар бойынша студенттер оқыды: 030240-«Физика және информатика», 370440-«Есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету», 360140-«Басқару жүйелерін автоматандыру және ақпараттандыру (салалар мен қолданыс аясы бойынша)», 370140-«Басқару мен ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелері», 541530-«Экономикада ақпараттық  жүйелерді қолдану» (салалары бойынша)».

2019 жылы Ілияс Қожабаев атындағы «SMART SENSOR SYSTEMS LAB» зертханасы ашылды. 2021 жылы «HUAWEI  ICT ACADEMY» зертханасы ашылды.   

Цифрлық технологиялық зертханасы ашылған және курстар ұйымдастырылып, сертификаттар беріледі. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-мен жасасқан келісім – шарт негізінде мамандықтың студенттері дуальдік жүйеде білім алуда. 
2021-2022 оқу жылының екінші жартысынан бастап кафедраны техника ғылымдарының кандидаты Казбекова Г.Н. басқарып келеді. Дәрежелік – 50 % жоғары.

Қазіргі таңда кафедрадамызда Түркия және 9 түркітілдес мемлекеттерден келген 10 ұлттан құралған шетелдік студенттер білім алуда.