shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Спорт факультетіне қарасты 6В01405 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша 1,2–4 курс білімгерлеріне, сондай-ақ «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық», «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламаларының 1,2–4 курс білімгерлеріне арналған педагогикалық практика алдындағы конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды өтті.

-Мұғалім мамандығына кіріспе (1-курс, оқу практикасы);

-Психологиялық-педагогикалық практика (2-курс);

-Өндірістік педагогикалық практика (4-курс).

 

Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердің директордың орынбасарлары мен мамандық пәндерінің тәжірибелі мұғалімдері қатысып, болашақ мамандарға кәсіби тәжірибеден өту барысында ескерілуі тиіс маңызды мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.

Конференцияның негізгі мақсаты – білімгерлерді алдағы педагогикалық практиканың мазмұны мен талаптарымен жан-жақты таныстыру, кәсіби бағыт-бағдар беру және жауапкершілік деңгейін арттыру болды.

Сонымен қатар кафедра профессор-оқытушылар құрамы конференцияға белсенді қатысып, білімгерлерге кәсіби тәжірибеден сәтті өтіп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға тілектестік білдірді. Кездесу барысында білімгерлер өздерін толғандырған сұрақтарына нақты әрі тұшымды жауап алып, алдағы практика кезеңіне сенімді қадам жасауға мүмкіндік алды.


Аталған конференция болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, олардың педагогикалық қызметке бейімделуіне және теориялық білімдерін тәжірибеде тиімді қолдануына берік негіз қалады