shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Оразбаев Ерғали Дүйсенбекұлын еске алуға арналаған студенттер арасында волейболдан турнир өтті

«Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық» 
кафедрасының доценті, педагогика ғылымдырының кандидаты, 
ұлағатты ұстаз Оразбаев Ерғали Дүйсенбекұлын еске алуға арналаған 
студенттер арасында волейболдан турнирдің қорытындысы

Университетімізде 2024 жылдың 30 қазан – 1 қараша аралығында  екі күн бойы п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ерғали Оразбаевты еске алуға арналған волейболдан турнир өтті. Айтулы іс-шараны «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық» кафедрасы ұйымдастырды. 
Жарыстың ашылу салтанатына оқытушы-профессорлар мен студенттер және Ерғали Оразбаевтың отбасы мүшелері мен бауырлары қатысты. 
Жарыстың мақсаты мен міндеттері: 
1. Салауатты өмір салтын студенттер арасында кеңінен насихаттау;
2. Спорттық іс-шараларды өткізу арқылы студенттерді Отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Жастарды спортқа деген қызығушылығын арттырып денсаулығын нығайту.
4. Волейболдан студенттер арасында құрама командасын жасақтау.
Турнир алдында қонақтарға ас беріліп, марқұмның әруағына «Құран» сүрелері бағышталды.
    Ерғали Оразбаев – 2002-2023 жылдары университетімізде қауымдастырылған профессор қызметін атқарған ардагер ұстаз. 50-ден астам ғылыми, оқу бағыттары бойынша еңбектің авторы. Талай шәкіртті спортқа баулып, дәріс берген ардақты оқытушы.
Турнирдің мақсаты – студенттерді адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарап, олардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Жиында сөз бастаған Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов:
«Бүгінгідей турнирлерді өткізу бір жағынан жақсы іс болғанымен, екінші жағынан «Әттең-ай!» дейміз. Ерғали Оразбаев ағайымыздың арамыздан ерте кеткені жанымызға батады. Бүгін, міне, әріптестері мен туыстары және студенттері еске алу турирін өткізуі ұстазға көрсеткен үлкен құрмет деп білеміз! Біз ұстаздың есімін ардақтап, ешқашан ұмытпаймыз!»,-деді.
    Келесі кезекте, марқұмның інісі де өзінің ізгі тілегін арнап: «Ағамызды еске алу мақсатында жыл сайын осындай турнир өткізу дәстүрге айналады деп сенеміз. Осы ойынды өткізуге атсалысқан барша ұйымдастырушыларға және кафедра ұжымына алғыс айтамыз! Қатысушы командаларға сәттілік тілейміз!»,-деді.
    Айта кетейік, Ерғали Оразбаев волейболшы болғандықтан, осы спорт түрінен турнир ұйымдастырылды. Спорттық дода да 9 факультет пен «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби» колледж командалары өзара бақ сынады.
    Жарыс «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық» кафедра меңгерішісі Ахмедов Бахытжаның басшылығымен, кафедраның профессор-оқытушы құрамы: профессор Сейдахметов Ермек, аға оқытушылар Дүйсенов Қалдыбек, Нұржан Қалиев, Арман Қойшыбаев, Серібай Мамбеталиев, Нұрғиса Орынбасар, Алмазхан Асановтармен ұйымдастырылды.
    Турнирге төрешілікті аға оқытушы Дүйсенов Қалдыбек пен «Дене мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы Төлбасиев Нартай жасады. Турнир барысында қанаттанбағандар болған жоқ.
    Жарыс нәтижесі бойынша Кентау командасы 1-орынды жеңіп алды. Ал, 2-орынды Спорт және өнер факультеті иемденсе, «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби» колледжі 3-орынға табан тіреді.
1ші орынға, кубок, ойыншыларға медаль, 30.000 тенге және волейбол добы;
2ші орынға, кубок, ойыншыларға медаль 20.000 тенге және волейбол добы;
3ші орынға, кубок, ойыншыларға медаль, 10.000 тенге және волейбол добы сыйлар табысталды.
    Жеңімпаз атанған командаларды шын жүректен құттықтаймыз!