shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ ЖАҢА БУЫНМЕН ТОЛЫҚТЫ

   Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Спорт факультетінде жаңа оқу жылының басталуына орай бірінші курс студенттерін қарсы алуға арналған салтанатты шара өтті. Жиын марқұм ұстазымыз, академик Лесбек Тәшімұлы атындағы конференция залында ұйымдастырылды. 

   Салтанатты жиында Түркістан қалалық мәслихатының депутаты, профессор Бегахмет Абусейтов, ҚР Құрметті спорт қайраткері, профессор Оңалбек Дүйсенов, полковник Бақытжан Қуанышбаев, «Дене мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, PhD, аға оқытушы Алтынбеков Алпамыс, «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық» кафедрасның меңгерушісі, PhD, аға оқытушы Рахымжанов Алпамыс және факультет деканы PhD, доцент Б. Ермаханов құттықтау сөз сөйлеп, бірінші курс студенттеріне жаңа оқу жылында сәттілік пен толағай табыс тіледі.

   Шара барысында декан орынбасары Серібай Мамбеталиев университеттің білім алушыларға ұсынатын академиялық және әлеуметтік мүмкіндіктері туралы кеңінен таныстырды. Сонымен қатар студенттердің сапалы білім алуына, кәсіби және тұлғалық тұрғыдан жан-жақты дамуына, ғылыми ізденістермен айналысуына, спорттық жетістіктерге қол жеткізуіне және қоғамдық өмірге белсенді араласуға жасалған жағдайға тоқталды. 

   Алдағы уақытта жас білім алушылардың университет қабырғасында сапалы білім алып, ғылым мен спортта биік белестерді бағындырып, ел дамуына үлес қосатын білікті маман болып қалыптасуына тілектестік білдіреміз.