Хабарландырулар

shape
shape

Міндеттері

Көркем еңбек, өнер және дизайн саласында мамандар даярлайтын кафедраның басты міндеттері төмендегідей бағыттар бойынша айқындалады:

1. Білім беру және әдістемелік қамтамасыз ету

Болашақ мұғалімдерге көркем еңбек, сәндік-қолданбалы өнер, дизайн және өнер тарихы пәндері бойынша ғылыми-әдістемелік негізде сапалы білім беру.

Оқытудың жаңашыл әдістерін (жобалау технологиясы, STEAM, арт-педагогика) оқу процесіне енгізу.

Көркем-эстетикалық білім беру саласында оқу бағдарламаларын, авторлық курстар мен әдістемелік құралдар әзірлеу.

2. Ғылыми-зерттеу қызметі

Ұлттық және әлемдік өнер тарихы, этномәдени мұра, халықтық қолөнер, аймақтық өнертану бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу.

Зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу және ғылыми мақалалар, оқу құралдары, жобалар дайындау.

Студенттер мен жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, ғылыми үйірмелер мен экспедициялар ұйымдастыру.

3. Тәрбие және тұлғалық даму

Студенттердің шығармашылық ойлауын, эстетикалық талғамын, ұлттық рухани құндылықтарға негізделген мәдениетін қалыптастыру.

Этнографиялық, өлкетану бағытындағы экспедициялар, шығармашылық көрмелер, шеберлік сағаттарын ұйымдастыру.

Студенттерді еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

4. Инновациялық және жобалық қызмет

Жобалау әрекетіне негізделген кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру: дизайн, макет жасау, цифрлық графика, сәндік өнер жобаларын әзірлеу.

Көркем еңбек пәнін цифрлық білім беру платформаларына бейімдеу.

5. Әлеуеттік және халықаралық ынтымақтастық

Мектептер, мәдениет орталықтары, мұражайлар, дизайнерлік студиялармен серіктестік орнатып, тәжірибелік алаңдар ұйымдастыру.

Халықаралық университеттермен академиялық ұтқырлық, бірлескен жоба және ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру.

Түркі әлемі өнері, түркі халықтарының қолөнері, мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған жобаларды жүзеге асыру.