Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Қазақстан Республикасының халық әртісі, белгілі театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешовамен кездесу өтті.

Өнер, медиа және дизайн факультетінде Қазақстан Республикасының халық әртісі, белгілі театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешовамен кездесу өтті. Іс-шараға университетіміздің ректоры Ж.Темірбекова, вице-ректор Э.Идрисова, факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер қатысты. Кино өнерінің жауһары – «Қыз Жібек» фильмінде Жібектің рөлін сомдаған актриса қалың көрерменге кеңінен танылып, ұлттық өнер кеңістігінде өзіндік қолтаңбасын қалдырғаны белгілі. Басқосудың басты мақсаты – жарты ғасырдан астам уақытын театр өнеріне арнап, шығармашылық биікке көтерілген сахна шеберінің өмір жолы мен өнердегі тәжірибесін студент жастарға таныстыру, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру. Факультет студенттері шағын концерттік бағдарлама ұсынып, көкейлеріндегі қызықты сұрақтарын қойып сұқбат жасады. Сонымен қатар, факультет ғимаратының алдында актриса Меруерт Өтекешова ағаш егіп, көгеруін тіледі.