Миссия және стратегиялық мұраттары
.png)
2004 жылы құрылған Бейнелеу өнері кафедрасы бүгінгі күні кәсіби дәстүрі қалыптасқан, шығармашылық әлеуеті жоғары білім беру орталығына айналды. Кафедраның миссиясы – осы жылдар ішінде жинақталған тәжірибе мен ғылыми-шығармашылық әлеуетке сүйене отырып, заманауи талаптарға сай, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, терең білімді, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, кәсіби және іскерлік дағдылары қалыптасқан жоғары білікті мамандарды даярлау.
Стратегиялық мұрат- Бейнелеу өнері кафедрасының стратегиялық мұраты - аккредиттелген бағдарламаларымыздың санын көбейту, Дәстүрлі бағдарламаларымызбен қатар мамандандырылған салаларымызға бейімделген жаңа білім беру бағдарламаларына орын беру. Осыған байланысты тарихи және мәдени құнды мұрағаттарымызды болашаққа қауіпсіз түрде жеткізіп беру.
Кафедра өз қызметінде ұлттық және әлемдік өнер құндылықтарын үйлестіре отырып, бейнелеу өнері, дизайн, сәндік-қолданбалы өнер және көркем еңбек салалары бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастыратын жаңашыл білім беру ортасын құруды мақсат етеді.
Сабақ кестесі 