Миссия және Стратегиялық мұраты

Миссиясы – хирургия саласында заманауи білім мен практикалық дағдыларды меңгерген, кәсіби құзыреттілігі жоғары, жауапкершілігі мол және ғылыми ізденіске қабілетті медицина мамандарын даярлау; білім беру, клиникалық тәжірибе және ғылыми-зерттеу қызметінің өзара байланысын нығайту.
Стратегиялық мұраты – хирургиялық білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметінің сапасын арттыру, оқытушылардың ғылыми әлеуетін дамыту, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту және озық тәжірибелерді оқу үдерісіне енгізу арқылы кафедраның кәсіби және ғылыми беделін нығайту.
Кафедраның стратегиялық даму бағыттары:
- білім беру бағдарламаларының сапасын жетілдіру және білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту;
- ғылыми жобаларға қатысуды және ғылыми жарияланымдар сапасын арттыру;
- зияткерлік меншік нысандарын әзірлеу мен ғылыми нәтижелерді тәжірибеге енгізуді қолдау;
- оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту;
- ғылыми және клиникалық ынтымақтастықты нығайту;
- білім беру, ғылыми және қоғамдық қызмет нәтижелерін бағалау мен жетілдіру.
Сабақ кестесі
«Жұптасқан жүректер – түлектер!» фестиваліне шақырамыз
8D101-Денсаулық сақтау даярлау бағыты бойынша алдын ала іріктеу кезеңіне құжат қабылдау.
Хабарландыру 