Білімгер
1992 жылы «Клиникалық пәндер» кафедрасы болып негізі қаланған, кейін «Терапия» кафедрасы болып аталған. 2013-2014 оқу жылынан Сенат шешімімен жүргізілетін пәндердің атауына сәйкестендіріліп, «Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасы болып атауы өзгертілді, ал 2024-2025 оқу жылынан бастап медицина факультетінде кафедралар біріктірілуіне байланысты «Ішкі аурулар» кафедрасы болып аталуда.
Кафедраның негізгі мақсаты — медицина саласында жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, клиникалық дағдылар негіздері мен терапиялық бағыттағы пәндерден теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын тереңдету және дамыту.
Миссиясы және стратегиялық мұраты - бәсекеге лайықты, жан-жақты дамыған клиникалық ойлау қабілеті жоғары, терең білімді, іскерлік дағдысы қалыптасқан, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын жоғары білікті маман дайындау.
Міндеттері:
«Ішкі аурулар» кафедрасының меңгерушісі қызметін магистр оқытушы Ибрагимова Сарвинисо Исламовна атқарады. Кафедрада 2026-2027 оқу жылында 20 ОПҚ, оның ішінде 3 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, 3 магистр аға оқытушы, 1 магистр оқытушы, 5 аға оқытушы, 2 оқытушы қызмет етеді.
«Ішкі аурулар» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы білім алушылардың клиникалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, болашақ дәрігерлік қызметке қажетті кәсіби құзыреттерді және дағдыларды меңгертуге, медициналық ғылыми-зерттеу бағытына қызығушылықтарын арттыруға бағыт бағдар көрсетеді.
Кафедрада білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларына сәйкес клиникалық пәндер бойынша сабақтар өткізіледі. «Ішкі аурулар» кафедрасында 4-курс білім алушыларына ішкі аурулар, кардиология, пульмонология және фтизиатрия, эндокринология, жұқпалы аурулар, балалар аурулары, 2,3-курс білім алушыларына медициналық фармакология, медициналық практикаға кіріспе, ішкі аурулар, балалар денсаулығы және аурулары бойынша практикалық дағдылар және тереңдетілген клиникалық білім беріледі.
«Ішкі аурулар» кафедрасында 6В10188 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша 2,3,4-курс 383 білім алушыларға оқу сабақтары жүргізіледі.
Білім беру бағдарламасы
Білімгер
Жұмыспен қамтылған
ОПҚ
Ахмет Ясауи Университеті