Салауатты өмір – жарқын болашақ: ЖИТС-тің, ішімдіктің және нашақорлықтың алдын алу
2025 жылы 18 қараша күні Медицина факультетінің “Фундаментальді ғылымдар” кафедрасына қарасты 1-ші курс тәлімгерлік тобы үшін маңызды тәрбиелік бағыттағы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға кафедра меңгерушісі А.С. Бабаева мен аға тәлімгер М.С. Аймаханов қатысып, студенттерге қолдау білдірді.
Арнайы шақырылған “Қан орталығының” мамандары «Салауатты өмір – жарқын болашақ: ЖИТС-тің, ішімдіктің және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ ЖИТС-тің таралу қаупі мен оның алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Бұл шара студенттердің денсаулыққа қатысты сауаттылығын арттыруға, жауапкершілікпен қарауға және зиянды әрекеттерден аулақ болуға бағытталды.

Хабарландыру
Хабарландыру 