Кафедраның жетістіктері
Кафедра ашылғаннан бері 2 докторлық, 9 кандидаттық, 7 магистрлік диссертациялар қорғалды. Қазіргі кезде практикалық тәжірибелері мол, ғылым және денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп жүрген қызметкерлер оқу, тәрбие, ғылыми және емдеу жұмыстарын атқарып келеді. Оқытушы-профессор құрамы дәріс және тәжірибелік сабақтарда құзыреттілік бағытында тиімді оқыту және бағалау әдістерін қолдану арқылы оқытудың соңғы нәтижелерін жоспарлайды және қол жеткізеді, білім алушылардың пәнге және мамандыққа қызығушылығын арттырады. Бүгінгі таңда кафедраның ОПҚ-ы құзыреттілік бағыты шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқыту (экспозиторлы, эксплораторлы және интервениялық) және бағалау (білімді, дағдыны және қарым-қатынас/іс-әрекетті) әдістерін оқу үдерісінде қолданып келеді.
Оқытылатын пәндерден оқу-әдістемелік кешендер, сонымен қатар аралық бақылау, емтихан сұрақтары, тесттері кафедра мәжілісінде талқыланып, сапасы тексеріліп, ұдайы жаңартылып отырады. Кафедрада болашақ дәрігерлердің қолшеберлігін жетілдірумен қатар, науқастарды физикалды зерттеуге, ішкі аурулардың диагнозын анықтауда этиопатогенездік ерекшеліктерін және диагнозды ажырата білуде ой-өрістерін дамытып, қалыптастыру мақсатында теориялық және тәжірибелік дәрістерде инновациялық жаңаша оқыту және бағалау әдістері қолданылады. Кафедраның қызметкерлері еліміздегі және ТМД елдеріндегі ғылыми-зерттеу конференцияларына қатысып, баяндамалар жасап, тәжірибе алмасып отырады.
Кафедраның қызметкерлері еліміздің және жақын-алыс шетел ғалымдарымен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Кафедраның профессор-оқытушылары 2012 жылы «Метаболизмдік синдромы бар науқастарда нейропатия көріністерінің таралуы» атты тақырыпта ғылыми жоба бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік грантына ие болды, және де осы жұмыс 15 000 000 теңгемен Мемлекет тарапынан қаржыландырылды.
Кафедра ОПҚ-ның белсенділігімен оқу құралы, оқу-әдістемелік құралдар басылып шықты, үздіксіз біліктілік жетілдіру үшін әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.
Кафедрамыздың магистр,аға оқытушысы Туреханова Айымхан Абілхановна 25 қазан Республика күніне орай Кентау қаласының құрметті азаматы атағымен марапатталды.
Медицина факультеті, Ішкі аурулар кафедрасының магистр,аға оқытушысы, білікті дәрігер педиатр Туреханова Айымхан Абилхановна 25 қазан Республика күні мерекесіне орай Кентау қаласының құрметті азаматы атағымен марапатталды. Марапатыңыз құтты болсын!!!