Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

MEDUSE” республикалық теориялық-практикалық олимпиадасы

2025 жылдың 25–26 қазан күндері Халықаралық қазақ-түрік университетінде Медицина факультетінің және KazMSA студенттік клубының ұйымдастыруымен “MEDUSE” республикалық теориялық-практикалық олимпиадасы өтті.

Іс-шараға еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан келген студенттер қатысып, медицинаның негізгі бағыттары бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын сынады. Олимпиада барысында қатысушылар клиникалық жағдайларды шешу, теориялық тесттер, шеберлік дағдылары бойынша тапсырмалар орындады.

Бұл олимпиада болашақ дәрігерлердің кәсіби ой-өрісін кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және студенттердің ғылыми-білім беру белсенділігін арттыруға бағытталды.