Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Адалдық сағаты

2025 жылы 24 қыркүйек күні Мәдениет сарайының кіші залында Медицина факультеті және Жастар саясаты департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен «Адалдық сағаты» өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында адалдық құндылықтарын насихаттау, академиялық әділдік мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне қарсы тұрудың маңыздылығын түсіндіру болды.

Кездесу барысында спикерлер адал болудың жеке тұлғаның дамуына, қоғамға және болашақ кәсіби жолына әсері туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. Сонымен қатар, студенттермен ашық диалог жүргізіліп, олардың пікірлері тыңдалып, өмірлік мысалдар арқылы адалдықтың күнделікті өмірде көрініс табуы талқыланды.

Іс-шара жастардың санасында дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға, жауапкершілік пен әділдікке негізделген көзқарасты нығайтуға бағытталды.