Білім беру мақсаттары

6В10155 – «Жалпы медицина» және 6В10188 – «Медицина» білім беру бағдарламалары бойынша Арнайы клиникалық пәндер кафедрасының негізгі білім беру мақсаты – білім алушыларға арнайы клиникалық пәндер саласында терең әрі жан-жақты теориялық білім беру, тәжірибелік және клиникалық дағдыларды қалыптастыру, кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар кафедра білім алушылардың денсаулық сақтау жүйесіндегі заманауи талаптарға сәйкес кәсіби ойлау қабілетін дамытуға, клиникалық жағдайларды талдай білуіне және дәлелді медицина қағидаттарына негізделген шешім қабылдау дағдыларын меңгеруіне бағытталған.
Кафедраның білім беру үдерісі денсаулық сақтау саласындағы заманауи жетістіктерді, инновациялық технологияларды, халықаралық тәжірибелерді және клиникалық хаттамаларды игеруге негізделген. Оқыту барысында білім алушылар науқастарға профилактикалық, диагностикалық, емдік және оңалту көмегін көрсету бойынша қажетті білім мен тәжірибелік машықтарды меңгереді.
Арнайы клиникалық пәндер кафедрасы болашақ мамандарды жалпы тұрғындарға, жеке адамдарға және отбасыларға сапалы, қауіпсіз және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсете алатын, кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті дәрігер ретінде даярлауды мақсат етеді. Сонымен қатар білім алушылардың медициналық этика мен деонтология қағидаларын сақтауына, кәсіби жауапкершілігін арттыруына және үздіксіз кәсіби даму дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
8D101-Денсаулық сақтау даярлау бағыты бойынша алдын ала іріктеу кезеңіне құжат қабылдау.
Хабарландыру 