Хабарландырулар

shape
shape

Миссия және Стратегиялық мұрат

Миссия

Миссиясы:

«Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының миссиясы – жалпы медицина мамандықтарында білім алатын студенттерге отандық және халықаралық медициналық стандарттарға сай келетін, заманауи, дәлелді медицинаға негізделген теориялық және практикалық білім беру. Кафедра болашақ дәрігерлердің клиникалық ойлау дағдысын, диагностика мен емдеу тактикасын дұрыс қалыптастыруды, науқасқа бағытталған кешенді медициналық көзқарасты дамытуды, сондай-ақ кәсіби құзыретті, жауапкершілігі жоғары, этикалық нормаларды ұстанатын жан-жақты маман даярлауды мақсат етеді. Сонымен қатар кафедра медициналық ғылымды ілгерілетуге, инновациялық технологияларды медициналық білімге енгізуге, білім алушылардың зерттеушілік қабілетін қалыптастыруға және үздіксіз кәсіби дамуға жағдай жасауға бағытталған.

Стратегиялық мұраты:

Арнайы клиникалық пәндер бойынша ұлттық және халықаралық талаптарға сай, дәлелді медицинаға негізделген үздік білім беретін, клиникалық ойлау қабілеті жоғары, кәсіби және этикалық құзыретті дәрігерлерді даярлайтын, инновация мен ғылыми зерттеулерді дамытатын, түркі әлеміне бағыт беретін кафедра болу.

Міндеттері:

  • Медицина білім алушыларына пәндер бойынша терең, жүйелі және сапалы теориялық білім беру;
  • Клиникалық жағдайларды бағалау, талдау, диагноз қою және емдеу тактикасын анықтау дағдыларын қалыптастыру;
  • Дәлелді медицинаның қағидаларына сүйене отырып, клиникалық шешім қабылдау үдерістерін дамыту;
  • Зертханалық және аспаптық зерттеулерді тиімді қолдануды үйрету;
  • Білім алушылардың практикалық клиникалық дағдыларын симуляциялық орталықтар мен клиникалық базаларда жетілдіру;
  • Кәсіби этика, коммуникативтік мәдениет және мультидисциплинарлық командалық жұмысты дамыту;
  • Ғылыми зерттеулерге қызығушылықты арттыру, студенттік ғылыми үйірмелер жұмысын қолдау, зерттеу жобаларын жүргізуге жағдай жасау;
  • Медициналық білім беру сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізу үшін инновациялық педагогикалық әдістерді енгізу;
  • Білікті және жауапкершілігі жоғары жалпы практика дәрігерлерін даярлауға бағытталған білім беру ортасын қалыптастыру.