Тарих және жалпы ақпарат

2013 жылы тамыз айының 25 жұлдызында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми Кеңес шешімі негізінде медицина факультетінің құрамында «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасы ашылып және м.ғ.д.. профессор Ғ.М. Елікбаев кафедраны басқарды. 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 31 тамызына дейін м.ғ.к. Гульназ Оразбековна Нускабаева кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Бұл аралықтарда кафедра көптеген жетістіктерге жетті. Әсіресе ғылым бағытына көп көңіл бөлінді. Кафедраның 3 докторанты қорғап, PhD ғылыми атағын алды, нәтижесінде ғылыми дәрежелік жоғарылады. Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) Web of Science Core Collection компаниясының ақпараттық базасында және Scopus базасында индекстелетін ғылыми журналдарда бірнеше мақалалар жарияланды.
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедра меңгерушісі болып PhD, аға оқытушы Садыкова Карлыгаш Жарылкасыновна тағайындалды. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған «ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру» бағдарламасы аясында AP19676909 «10 жылдық проспективті зерттеуде метаболикалық синдромы бар науқастардың тамақтану ерекшеліктерін, өмір салтын және комплаенттіліктің генетикалық аспектілерін зерттеу.