Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ

«Ана – өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағаты

Ұйымдастырушылар: ҚГФ-1 тәлімгері Т.Мейрбеков

 ҚГБ-1 тәлімгері Г.Шукенова

Қатысқандар: «Жалпы пәндер» бөлім басшысы Л.Алимбекова және оқытушылары, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тыңдаушылар мен тілдік даярлық деңгейін арттыру тыңдаушылары

Мазмұны: Бүгінгі «Ана – өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатында біз ананың адам өміріндегі ерекше орнын тағы бір рет түсіндік. Ана – әр адамның өмірге келуіне себепші болған, бізге мейірім мен махаббат сыйлаған ең қымбат жан. Ана жүрегі әрқашан бала деп соғады, ол бізге өмір бойы қамқорлық жасап, ақылын айтып, дұрыс жолға бағыттайды. 

Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты – аналарымызға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, олардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Әр бала анасына мейірімді болып, оны құрметтеп, әрдайым көмектесіп жүруі керек.

Қорытындылай келе, біз ананың қадірін тек мерекеде ғана емес, әр күн сайын сезініп, оларға қуаныш сыйлап жүруіміз қажет. Ананың ақ сүті мен еңбегін ешқашан ақтап бітіре алмаймыз. Сондықтан аналарымызды сыйлап, олардың үмітін ақтайтын жақсы адам болайық. ????

Ана – біздің өміріміздің шуағы, тірегіміз және бақытымыз.

Ендеше, барша аналарға зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт пен шаттық тілейміз! ????