shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

Дайындық факультетінің «Қазақ, орыс, ағылшын тілі» кафедрасында штат саны мен пән жүктемелерінің стандарттан тыс көбейіп кетуіне байланысты, оқу үрдісін оңтайландыру мақсатында Университеттің Сенат мәжілісінің шешімі негізінде (26.06.2015ж., №6 хаттама) аталмыш кафедрадан Ағылшын тілі бөлініп, жеке кафедра ретінде 2015жылдың 1-ші қыркүйектен бастап қайта құрылды. 

2015-2017 оқу жылдары Ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі болып PhD доктор, аға оқытушы Кучуклер Халил Сулейманоглу қызмет атқарған.

2017-2018 оқу жылына Ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі PhD докторы  Мейірбеков Ақылбек Қайратбекұлы қызметке тағайындалды.

2018-2019  оқу жылынан    бастап Ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. доценты  Кенджаева Балнұр Балабекқызы қызметке тағайындалды.

Наурыздың 1-жұлдызынан бастап 2021 оқу жылы Ағылшын тілі кафедрасының меңгеруші, магистр оқытушы Мухамедвалиева Зарина Асхатовна қызметке тағайындалды. 

Қазанның 2-жұлдызынан бастап 2023 оқу жылы Ағылшын тілі бөлімінің басшысы м.а., магистр оқытушы  Шафигулина Розалия Рамильевна қызметке тағайындалды.

2023 жылдың қыркүйек айының 1-жұлдызынан бастап құрылымдық өзгерістерге байланысты «Қазақ, орыс тілдері» бөлімінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тыңдаушыларға сабақ беретін оқытушы-профессорлар құрамы орталықтың №1 хаттамасы негізінде ағылшын тілі бөлімі құрамына қосылды. Қазіргі таңда ағылшын тілі бөлімінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және Қазақстан Республикасының тілдік даярлық деңгейін арттыру бағытындағы тыңдаушылар мемлекеттік грант негізінде білім алады. Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына оқуға түсу ушін тыңдаушылар жалпы орта білім беру бағдарламасы бойынша міндетті және бейіндік пәндер бойынша ұлттық біріңғай тестке дайындалады.

Бөлімде 24 қызметкер жұмыс істейді: 16 магистр оқытушы (оның ішінде 2 оқытушы Түркия Республикасының азаматы), 2 аға оқытушы, 5 оқытушы, 1 лаборант қызмет атқарады.  Бөлімде, сонымен     қатар, 3 оқытушының халықаралық үлгідегі (IELTS) сертификаттары бар.

Ағылшын тілі бөлімі – бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, ағылшын тілін В1 деңгейінде жетік меңгерген, терең білімді тыңдаушы дайындайтын университет құрылымдарының бірі.

Ағылшын тілі бөлімінде ТК (Түркия квотасы) тыңдаушыларға New Headway fourth edition Beginner A1, New Headway fourth edition Elementary A2, New Headway fourth edition Pre-Intermediate B1 кітаптармен практикалық сабақтар өткізіледі.

Бөлімінің оқытушы-профессорлар құрамы заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тыңдаушылардың ағылшын тілінде сөйлеу және жазбаша қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытуда. Бөлімде  «Speaking club» үйірмесі жұмыс істеуде.