Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

АБАЙДЫ ОҚЫ, ТҮСІН!

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай Дайындық орталығында  Қазақ, орыс тілдері бөлімінің ұйымдастыруымен түркі дүниесінен келген, екі кезеңдік сайыстан сүрінбей өткен тыңдаушылар арасында «Абайды оқы, түсін» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Қазақ тілі пәнін оқығанына небәрі 3 ай көлемінде А1 деңгейін аяқтап жатқан тыңдаушылар қазақ тілін қаншалықты меңгергендерін дәлелдеп, Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін,  тіпті, поэмаларын жатқа айтып берді. 

 Барлығы 23 бала қатысқан бұл рухани шара өз деңгейінде жоғары ұйымдастырылып, ерекше әсер қалдырды.

 Іс-шара соңында қатысушылар орталық директорының алғыс хаттарымен марапатталып, Абай шығармалар жинағын сыйлыққа алды. 

Бұл кеш тағы бір мәрте қазақ тілін шет тілі емес, туыс тіл ретінде оқытудың тиімділігін, тілді елтанымдық, мәдениеттанымдық бағытта оқытудың маңыздылығын арттыра түскендей.

Абайды оқу – қазақты тану!