Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Абай дана – Абай дара» атты ашық әдеби тәрбие сағаты
Ұйымдастырушы: тәлімгер У.Смагулова
Қатысқандар: «Жалпы пәндер» бөлім басшысы Л.Алимбекова және оқытушылары, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тыңдаушылар
Мазмұны: Әдеби тәрбие сағатта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді. Ұлылығы әлемге танылған Абай Құнанбаевтың шығармаларымен танысып, бүгінгі заман адамы «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның бастысы біз үшін – әдептілік.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына із қалдырған....
Сондықтан да біз Абай атамызды жадымызда ұстаймыз.