Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Қош келдің, әз Наурыз! Ашық тәрбие сағаты

22 НАУРЫЗ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ

Қош келдің, әз Наурыз! Ашық тәрбие сағаты


Ұйымдастырушылар: ҚБФ-1, ҚБГ-1 тәлімгері У.Смагулова

 ҚБИ-1, ҚББ-1 тәлімгері С.Полатбекова

Қатысқандар: «Жалпы пәндер» бөлім басшысы Л.Алимбекова және оқытушылары, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тыңдаушылар мен тілдік даярлық деңгейін арттыру тыңдаушылары

Мазмұны: Бәріміздің асыға күткен Наурыз мейрамымыз келіп жетті. Наурыз мейрамы құтты болсын!  Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын! Бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Наурыз – шығыс елдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурыз – табиғаттың жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұл күнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару,жаңару күні деп қарсы алған.