Хабарландырулар

shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

Кафедра 2003 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақ, орыс және ағылшын тілдері кафедрасы болып ашылған. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраның атауы Қазақ тілі кафедрасы болып өзгертілді. 

Кафедраны 2003-2005 жылдары Б.Ашықбаева, 2005-2006 оқу жылында ф.ғ.к. Ш. Қарсыбекова, 2006-2010 оқу жылы аралығында аға оқытушы З.Әпсемет басқарды. 

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап Дайындық факультетінде «Ағылшын тілі» пәнінің қысқаруына байланысты кафедра атауы Қазақ, орыс тілдері кафедрасы болып өзгертілді.

2010-2011 оқу жылы Қазақ, орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі болып ф.ғ.к. Э.Адилбекова тағайындалды.

2013-2014 оқу жылы кафедра қайта Қазақ, орыс, ағылшын тілдері кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра меңгерушісі қызметіне Ильяс Ордуери тағайындалды. 

2014-2015 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі болып ф.ғ.к. Ж.Сүйінжанова қызмет атқарады. 

2015-2016 оқу жылы Дайындық, тіл үйрету орталығы Дайындық факультеті болып, Қазақ, орыс, ағылшын тілдері кафедрасы Қазақ, орыс тілдері кафедрасы болып ауыстырылды. 

2018-2019 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к. А.Мырзаханова қызмет атқарады.

2019 жылдан бастап кафедра Қазақ, орыс тілдері бөлімі болып ауыстырылды. 

            Дайындық факультеті Қазақ, орыс тілдері бөлімін Түркі тілдес мемлекеттер мен туыстас қауымдастықтардан келген тыңдаушыларға қазақ тілін үйретеді. Тыңдаушыларға қазақ тілін оқыту жүйесі үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін туыс тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде 3 деңгеймен (А1, А2, В1) оқытылады. Бөлім І триместрде «Қазақ тілі (А1)» және  «Орыс тілі (А1  пәндерін, ІІ триместрде «Қазақ тілі (А2)» және «Орыс тілі (А2)» пәндерін, ІІІ триместрде «Қазақ тілі (В1)» және «Орыс тілі (В1)» пәндерін жүргізеді. Бөлім мамандық дайындамайды. 

       2021-2022 оқу жылынан бастап Дайындық факультетінің тыңдаушылары «Қазақ тілі» (А1, А2, В1) пәнінен «Қазақ тілі» (А1, А2, В1) оқу-әдістемелік кешенімен оқиды.