shape
shape

Бағдарламалар

Жаратылыстану ғылымдары факультеті / Математика кафедрасы / Бакалавриат

6B01529 - Математика (ІР)

Course Image Жаратылыстану ғылымдары факультеті Математика кафедрасы

Білім беру бағдарламасы білім беру процесін жүзеге асырудың инновациялық әдістері мен тәсілдерін меңгерген, жаңартылған білім беру бағдарламасын меңгерген, біліктілігі жоғары педагогикалық кадрларға қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.

Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау (Математика IP) бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тестті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).

Жалпы білім беретін мектептің математика мұғалімі. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының математика оқытушысы. Білім беру мекемелеріндегі зертханашы.

6В01529 – «Математика IP» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.