shape
shape

Бағдарламалар

Филология факультеті / Түрік филологиясы кафедрасы / Магистратура

7M02212 - Түркітану

Course Image Филология факультеті Түрік филологиясы кафедрасы

Түбі бір түркі халықтарының тілдері, әдебиеттері және рухани-материалдық мәдениетінің перспективалық бағыттарын дамытуға қатысты мәселелерді қарастыра алатын, түркітану ғылымындағы заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әлеуметтік ортада зерттеу және басқару іс-әрекетін нәтижелі түрде жүзеге асыратын, кәсіби дағдыларын игерген, бәсекеге қабілетті түркітанушыларды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Түркітану саласындағы  іргелі зерттеулерге қатысты алған білімдерін, қазіргі заман талабына сай теориялық-әдіснамалық ұстанымдарға, түркітану ғылымының концептуалды-терминологиялық мәселелерге, заманауи көзқарастар мен тенденцияларға байланысты ғылыми парадигмалар шеңберінде көрсетуге қабілетті. 
  • Түркі халықтарының тілдік, әдеби және мәдени мұраларының ерекшеліктерін меңгеру нәтижесінде түркі өркениетінің озық үлгілерін және рухани құндылықтарын дүниежүзіне танытуға, насихаттауға және ұрпақ санасына сіңіруге қабілетті  
  • Түркітанымдық зерттеулердің нәтижелерін зерделейді, тұжырымдай алады, ғылыми зерттеу әдістерінің негізінде шешеді, жаңа мұрағат материалдарын және қолжазбаларды тарта отырып  түркітанушы ғалымдардың еңбектерін зерттейді. 
     
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
  • Білім, ғылым,мәдениет, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар.
  • Материал қасиеттерін жобалау жұмыстарын басқару.
  • Нанотехнологиялық материалдарды жобалау.
  • Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және  нысандағы орта білім беру 
  • ұйымдары: Гимназия, лицейлер және т.б.
  • Техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдары.
  • Жоғары оқу орындары.
  • Ғылыми-зерттеу институттары.
  • Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.
  • Баспа, радио және теледидар, газет және журнал редакциялары.
  • Профильді ғылыми мекемелер, кітапханалар.
  • Мамандықтың профилімен сәйкес келетін басқа нысаналар.
  • Білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.