Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті
Акушерлік гинекология кафедрасы
-Клиникалық диагнозды қалыптастыруға, емдеу жоспарын тағайындауға және медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілетті
- Науқас үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында науқаспен, оның айналасындағылармен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара қарым-қатынас жасауға қабілетті
- Қауіп-қатерлерді бағалауға және жоғары қауіпсіздік деңгейін және медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті
-Өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби мамандық топ құрамында жұмыс істеуге қабілетті
- Адекватты зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті
- Кәсіби команданың басқа да мүшелерін өз бетінше оқуға және оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да түрлеріне белсенді қатысуға қабілетті
Резидентураға қабылдау және түсу емтиханын өткізу тәртібі
1.Резидентураға жоғары білімнің және интернатураның білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар қабылданады.
2.Резидентураға түсуші тұлғаларды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім алушының өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.
3. Білім беру ұйымдарының резидентурасына қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады, оның рәсімін білім беру ұйымдары бекітеді және дербес жүргізеді.
4. Білім беру ұйымының резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылауды білім беру ұйымының қабылдау комиссиялары және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 3-25 шілдесі аралығында жүргізеді. Қабылдау – күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін.
5. Білім беру ұйымдары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 43-1-бабының 2-тармағы 6) тармақшасына сәйкес қабылдау тәртібін, нысанын, емтихан өткізу бағдарламасын және (немесе) даярлық мамандықтарының ерекшеліктерін ескере отырып, оқуға түсушілер үшін 75 балдан төмен емес өту балын айқындайды.
6. Резидентураға «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаты бар тұлғалар қабылданады.
7.Шетел азаматтарын резидентураға қабылдау ақылы негізде қабылдау комиссиясының төрағасы бекіткен емтихан бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.