shape
shape

Жетістіктер

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Мағжан Сәуле Мағжанқызы 25 қазақ – Республика күні мерекесіне орай, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және болашақ заңгерлерді даярлау мақсатындағы белсенді қызметі үшін Түркістан облыстық сотының алғыс хатымен марапатталды.


2024 жылдың қыргүйек айында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы  Қарлығаш Кадашеваның «Түркі тілдерін туыс тіл ретінде оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері» тақырыбындағы семинары өтті. Семинарда автор түркітілдес елдермен мәдени-рухани байланыстардың дамуына орай қазақ тілін туыс тілде сөйлейтіндерге үйретудің теориясы мен әдістемесін жасау өзекті мәселеге айналғанын, осыған сәйкес, қазақ тілін туыс тіл ретінде үйретудің алғашқы ғылыми ізденістері қолға алынғанын баяндады. Қазақ тілін ана тілі ретінде, қазақ тілін өзге тіл ретінде және қазақ тілін туыс тіл ретінде, сондай-ақ қазақ тілін шет тілі ретінде, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бағыттарының деңгейлері туралы айтты.


2024 жылдың 7-ші қазанында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жұматаева Зейнеп Наятуллақызының «Тіл оқыту мен зерттеу жұмыстарында цифрлық технологияларды қолдану әдістемесі» тақырыбындағы семинары өтті.  Семинарға «Қазақ филологиясы» және Дайындық факультетінің  «Тілдер» кафедрасының оқытушы-профессорлары қатысты. Семинарда дәрісте қолданылатын цифрлық технологиялар туралы, жасанды интеллектіні қалай қолдану керектігі туралы әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

ОҚУ
ОҚУ 2023 жылдың 15 қарашасында филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы Толысбаева Әдемау Тұрдыбекқызы 3 курс студенттерімен «Шолпанның күнәсі және «Адамдық негізі – әйел» тақырыбында семинар өткізді. Семинар филология факультетінің 101 аудиториясында подкаст форматында ұйымдастырылды. 

Семинардың мақсаты – М.Жұмабаев шығармаларындағы әйел тақырыбын ашып, заманауи ақпарат алмасу технологияларын пайдалана отырып, әдеби үдеріс арқылы ұлттық тұтастығымыз бен құндылықтар жүйесіне баға беру. Бір ғасыр өтсе де, жоғары дискурсивті, эстетикалық және психологиялық эмпатиядағы туындылар қазіргі қоғамның мәселелерін түсіну және қабылдау үшін практикалық мәтін ретінде подкасттың өзегіне айналды.

Студенттер мәтінге наративтік талдау жасау арқылы «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі проблемалардың мәніне дендей алды. М.Әуезовтің «Адамдық негізі – әйел» мақаласының концепциясын М.Жұмабаев шығармашылығымен байланыстыра алды. Подкаста ХХ ғасыр және ХХІ ғасыр басындағы құндылықтарға талдау жасалды. 

Қазақ филологиясы кафедрасында 2023 жылдың 24 қарашасында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бақыт Әбжеттің «Хандық дәуір әдебиеті тұсындағы әдеби сынның дамуы» тақырыбында ашық сабағы өтті. 

Оқытушы дәрісте өзіндік шығармашылықпен оқу іс-әрекетін ұйымдастырды, оқытудың «белсенді» әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Студенттерге қазіргі қазақ әдебиетіндегі сынның дамуы, зерттелуі жайлы, бүгінгі таңдағы қазақ әдеби сын ғылымы салмақты ғылым арнасына айналып, үздіксіз даму тарихы арқылы жеткен мол әдеби зерттеулер жайлы, сын жанры әдеби ағым мен форма тудыруда айқындаушы рөлге ие дәуір тұлғаларының шығармашылық мұрасы жайлы білім қалыптастырды.