shape
shape

Хабарландырулар

«Жұмабай Әбіл және әдебиеттану ғылымының даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми -практикалық конференция

Құрметті ғалымдар, фольклортанушылар, әдебиеттанушылар және тіл мамандары, ізденушілер, арнаулы сала мамандары!

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2025 жылдың 14 қарашасында ғалым, филология ғылымдарының докторы Жұмабай Әбілдің 70 жылдығына арналған  «Жұмабай Әбіл және әдебиеттану ғылымының даму бағыттары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтетінін хабарлайды. 

 

Конференцияның мақсатыЖұмабай Әбілдің ғылыми және әдеби мұрасын насихаттау арқылы әдебиеттану мен фольклористика, журналистика және тіл білімі саласындағы теориялық және практикалық зерттеулердің дамуына үлес қосу; қазіргі заманғы әдеби және тілдік құбылыстарды жан-жақты талдау арқылы ғылымның даму бағыттарын айқындау.

 

Конференцияның міндеті:  Жұмабай Әбілдің зерттеулері негізінде әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық мәселелерін талқылау және ғылыми ізденістерді жүйелеу; публицистика жанрларындағы жаңашылдықтарды анықтап, олардың қазіргі заманғы қоғамдағы рөлі мен маңызын зерттеу; тіл білімі ғылымы мен құндылықтар парадигмасын зерттеу арқылы тілдік құбылыстардың мәдени және әлеуметтік аспектілерін ашу; ғылыми тәжірибе алмасу арқылы әдебиеттану, фольклористика және тіл білімі салаларында жаңа зерттеу бағыттарын белгілеу; Жұмабай Әбілдің еңбектерінің қазіргі және болашақ зерттеушілер үшін маңыздылығын көрсету және жастарды ғылыми ізденіске тарту.

 

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Ж. Әбіл зерттеулері және әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық мәселелері 

2. Публицистика жанрларындағы жаңашылдық 

3. Тіл білімі ғылымы және құндылықтар парадигмасы

4. Әлеуметтану ғылымындағы жаңашыл бағыттар

 

Конференция материалдары негізінде жинақ жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзінде қалдырады. 

 

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын, түрік

 

 

Конференцияны өткізу: офлайн (тікелей көрсетілім).

 

Ұйымдастыру комитеті: Электронды пошта: pakizat.adiyeva@ayu.edu.kz  және zhanar.suinzhanova@ayu.edu.kz; ademau.tolysbayeva@ayu.edu.kz

  • Адиева Пакизат Минаваровна, тел.: +7 705 855 2107; 
  • Суинжанова Жанар Киікбайқызы, тел.: +77776034055;
  • Толысбаева Әдемау Тұрдыбайқызы, тел.: +77029512828 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

 

 

                                                  

 

Ізгі ниетпен,

Ұйымдастыру комитеті

 

 

 

Мақала рәсімдеу үлгісі: 

· Көлемі 8-10 бетке дейін 

· Бет параметрлері: жоғарғы жағы - 2 см, төменгі жағы - 2 см, сол жағы - 3 см, оң жағы - 1,5 см. 

· Times New Roman шрифті, шрифт мөлшері – 12 pt 

· Қатар аралық интервал біреу; азат жол - 1 см; кітаптық; колонтитулсіз және бетті көрсетпеу керек; текст көлемі бойынша түзуленген; 

Конференцияны ұйымдастыру жарнасы – алынбайды. Авторларға конференция материалдарының жинағы электрондық нұсқада ұсынылады.

Мақалалар 2025 жылғы 31 қазанға дейін қабылданады. 

Көрсетілген мерзімнен кешіктірілген немесе талаптарға сәйкес келмеген материалдар қарастырылмайды және авторларға қайтарылмайды.

 

Конференцияға қатысуға өтінім: 

Өтініш

 

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Жұмыс орны

 

Лауазымы

 

Мекенжайы

 

Қызмет телефоны

 

Ұялы телефоны

 

Электронды поштасы

 

Конференция жұмысының бағыты 

 

Баяндама тақырыбы

 

 

Конференцияға қатысудың барлық шығындары қатысушының өз есебінен болады.