Хабарландырулар

Білім беру бағдарламасы
3+
Білімгер
226+
Жұмыспен қамтылған
30%
ОПҚ
10+

Біз туралы

«Конституциялық құқық  және азаматтық құқық» кафедрасының тарихы

 

       «Конституциялық құқық және азаматтық құқық» кафедрасы 2025-2026 оқу жылының  26 қыркүйектегі  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенат мәжілісінің шешімімен құрылды. 

       Кафедра меңгерушісі болып 01.10.2025 жылдан бастап «Конституциялық құқық және азаматтық құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., PhD Иманбекова Маншук Мажитовна тағайындалды.

2025-2026 оқу жылында білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 13,25. Оның ішінде 1 ғылым кандидаты,  8 PhD докторы, 2 аға оқытушы қызмет атқарады. 

Заң факультеті білім берудің үш деңгейлік жүйесін жүзеге асыруда. Оның ішінде,  «Конституциялық құқық және азаматтық құқық» кафедрасына қарасты білім беру бағдарламалары: 

6B04245 Құқықтану – бакалавр;

6B04281 Халықаралық құқық – бакалавр;

8D04208 Құқық – докторантура.

Конституциялық құқық және азаматтық құқық

Білім беру бағдарламалары

Конституциялық құқық және азаматтық құқықБакалавриат

Бакалавриат

6B04245 — Құқықтану бакалавриат бағдарламасы

Құқықтану бакалавриат бағдарламасы

Теориялық білімі мен қолданбалы дағдылары бар, көшбасшылық қасиеттерін көрсете алатын және заң қызметінің нақты салаларында, оның ішінде әлемдік стандарттар деңгейінде кешенді міндеттерді кәсіби түрде шеше алатын жоғары білікті заңгерлерді даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және білім алушылардың дайындық сапасын және тиісті білім беру технологиясын іске асыруды айқындайтын материалдарды қамтиды.

Бағдарлама нәтижелері
  • Кәсіби міндеттерді орындау барысында ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдайды. 
  • Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді, құқық қорғау қызметінің проблемалары бойынша ғылыми материалдарды жобалайды. 
  • Іскерлік риториканы, заңдық маңызы бар құжаттарды құрастырады, білікті заң консультацияларын жүргізеді.
     
Қабылдау шарттары
  • Құқық бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін). Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
Оқу бағдарламасы
Кәсіби қызмет саласы
  • Құқықтық нормаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, заңдылық пен тәртіпті, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қылмыстармен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресуге, жазаны орындауға, құқықтық тәрбие беруге бағытталған құқық қорғау қызметі.
  • Kәсіби қызмет объектісі құқық қорғау органдары, мемлекет билік пен сот, атқарушы және өкілетті органдары, мемлекет және мемлекеттік емес кәсіпорындар, адвокатура, банкілер, сақтандыру және аудиторлық компаниялар, білім беру ұйымдары бола алады.
     
Элективті пән каталогы
Бағдарламалық аккредиттеуден өткені туралы куәліктер

 

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз