Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультетінде тағылымды кездесу өтті
Факультетімізге Түркиялық ғалым, заң ғылымдарының докторы Кемал Явуз Атаман (Dr. Kemal Yavuz Ataman) арнайы келіп, оқытушылар мен білім алушылармен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстары, жаһандану үдерісі, ислам өркениеті, Мауераннахрдың тарихи-мәдени мұрасы және түркі әлемінің рухани құндылықтары жөніндегі ой-пікірлері ортаға салынды.
Тағылымы мол жүздесу өзара пікір алмасуға, білім мен тәжірибе бөлісуге мүмкіндік берді.
Қонағымызға арнайы келіп, құнды ойларымен бөліскені үшін алғыс білдіреміз!
Ғылым мен руханият жолындағы байланысымыз нығая берсін!
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстан
Заң факультетінде Қылмыстық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстел өтетінін хабарлаймыз.
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!
Сабақ кестесі
«Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуіріндегі ғылыми трансформация» атты III Халықаралық симпозиум өтетінін хабарлаймыз.
«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ»
Отбасы – өмірдің алтын арқауы
Digital Law Hackathon 