Хабарландырулар

shape
shape

Хабарландырулар

«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ БАҒЫТЫ»

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2026 жылдың 17 сәуірінде өтетін «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ БАҒЫТЫ» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция аясында конституциялық реформалар, құқықтық мемлекетті дамыту, мемлекеттік институттардың жаңғыруы және Қазақстанның жаңа институционалдық бағыты мәселелері талқыланады.
Барлық қызығушылық танытқан ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және практик-заңгерлерді белсенді қатысуға шақырамыз.