Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

The EU in a nutshell

  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетінде 2026 жылдың 23 сәуір күні сағат 10:30-да 3 курс ЗХХ-311 тобымен  «Конституциялық құқық және азаматтық құқық» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Данишбаева Меруерт Сериковнаның «Халықаралық сауда құқығы және ДСҰ» пәнінен семинар сабағында университеттің бас ғимараты, 415-кабинетінде «The EU in a nutshell» тақырыбында Генуя университетінің PhD, қазіргі кезде дербес зерттеуші ғалым, Генуя университетінде Африка тарихы пәнінен бұрынғы келісімшарт негізіндегі профессор Андре Менегатти дәріс өтті.
Қазіргі таңда International Law саласында білім алушылар үшін European Union құқығын терең түсіну маңызды болып отыр. Осы тұрғыда итальяндық профессордың дәрісі тек теориялық емес, сонымен қатар ғылыми пікірталас алаңына айналды.
Пікірталас барысында дербес зерттеуші ғалым ЕО құқығының ерекшелігіне тоқталып, оның халықаралық құқықтан айырмашылығы бар екенін атап өтті. Ол ЕО құқықтық жүйесін «sui generis» (ерекше құқықтық жүйе) деп сипаттап, оның басты белгілері ретінде тікелей әсер ету және басымдылық принциптерін көрсетті. Шынында да, ЕО құқығы нормалары кей жағдайда ұлттық заңдардан жоғары тұрып, қайшылық туындаса, сол нормалар басым қолданылады .
Студенттер өз кезегінде сұрақтар қойып, әсіресе “тікелей әсер ету” қағидасының практикалық маңызын талқылады. Бұл принцип бойынша жеке тұлғалар ЕО нормаларын ұлттық соттарда тікелей қолдана алады . Бұл жағдай халықаралық құқықтағы дәстүрлі нормалардан өзгеше, себебі халықаралық құқық көбінесе мемлекеттер арасындағы қатынастарды ғана реттейді.
Пән оқытушысы Данишбаева Меруерт Сериковна пікірталасты қорытындылай келе, ЕО құқығының дамуы халықаралық құқық эволюциясының жаңа кезеңі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан үшін мұндай тәжірибенің маңызын айтып, аймақтық интеграциялық ұйымдардың құқықтық моделін зерттеу қажеттігін көрсетті.
Қорытындысында, бұл пікірталас студенттердің тек білімін арттырып қана қоймай, олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, құқықтық жүйелерді салыстыра талдауға және халықаралық құқықтың заманауи үрдістерін түсінуге үлкен мүмкіндік берді.