«Құқықтану» мамандығының білім алушыларымен топ кураторының тәрбие сағаты өтті.
Кеше Заң факультетінің 1-курс «Құқықтану» мамандығының білім алушыларымен топ кураторының тәрбие сағаты өтті.
Кездесу барысында студенттер бір-бірімен жақынырақ танысып, өздері туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар оқу барысы, студенттік өмір және алдағы мақсаттар туралы жылы әңгіме өрбіді.
Тәрбие сағатын топ кураторы, Конституциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры м.а. Иманбекова Мәншүк Мәжитқызы өткізді.
Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер мен жарқын бастамалардың бастауы. Студенттерімізге білім жолында сәттілік, биік мақсат және толағай жетістіктер тілейміз! Әр күндеріңіз жаңа білімге, жақсы ортаға және ұмытылмас сәттерге толы болсын!
Заң факультетінде Қылмыстық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстел өтетінін хабарлаймыз.
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!
Сабақ кестесі
«Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуіріндегі ғылыми трансформация» атты III Халықаралық симпозиум өтетінін хабарлаймыз.
«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ»
Отбасы – өмірдің алтын арқауы
Digital Law Hackathon
Халықаралық дөңгелек үстел өтті
Заң факультетінде халықаралық конференция өтті 