Конституциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасында «Заң және тәртіп» қағидаты мен «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында тұлғаның қалыптасу ерекшеліктеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Конституциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасында «Заң және тәртіп» қағидаты мен «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында тұлғаның қалыптасу ерекшеліктеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Кездесу барысында адалдық, жауапкершілік, заңды құрметтеу, азаматтық ұстаным және саналы таңдау секілді құндылықтардың адам тұлғасының қалыптасуындағы орны талқыланды. Қатысушылар қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықтың негізі әр адамның ішкі мәдениеті, мінез-құлқы және өз әрекетіне жауап бере білуінен басталатыны жөнінде ой бөлісті.
Семинарға психолог Абат Аружан қатысып, тұлғаның дамуына ықпал ететін психологиялық факторларға, құндылықтар жүйесінің қалыптасуына және адамның өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауының маңызына тоқталды.
Іс-шараны Конституциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасының PhD, аға оқытушысы А.Н. Нартай ұйымдастырды. Семинарға кафедра меңгерушісі Назира Қайыпбекқызы қатысып, жастардың құқықтық санасын, азаматтық жауапкершілігін және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың өзектілігін атап өтті.
Семинар-тренинг жастардың заңды құрметтейтін, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін, адалдық пен әділеттілікті өмірлік ұстаным ретінде қабылдайтын азамат болып қалыптасуына бағытталды.
Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстан
Заң факультетінде Қылмыстық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстел өтетінін хабарлаймыз.
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!
Сабақ кестесі
«Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуіріндегі ғылыми трансформация» атты III Халықаралық симпозиум өтетінін хабарлаймыз.
«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ»
Отбасы – өмірдің алтын арқауы
Digital Law Hackathon
Халықаралық дөңгелек үстел өтті 