«Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстан»
Заң факультетінде «Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстан» тақырыбында студенттердің қатысуымен TEDx форматындағы кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын түсіндіру және жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру.
Іс-шара барысында студенттер Конституцияның қоғам мен мемлекет дамуындағы маңызы, адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, заң үстемдігі, әділеттілік және азаматтық жауапкершілік мәселелері жөнінде өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар тың идеяларымен бөлісіп, еліміздің болашағына қатысты көзқарастарын білдірді.
TEDx форматында ұйымдастырылған кездесу еркін пікір алмасуға, жастардың шешендік қабілеттерін дамытуға және құқықтық тақырыптарды жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді. Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, мазмұнды пікірталас ұйымдастырылды.
Кездесу соңында жаңа Қазақстанды қалыптастыруда білімді, белсенді, заңды құрметтейтін және жауапкершілігі жоғары жастардың рөлі ерекше екені атап өтілді.
Іс-шара қатысушыларға тың ой мен жаңа серпін сыйлап, жоғары деңгейде өтті.
Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстан
Заң факультетінде Қылмыстық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстел өтетінін хабарлаймыз.
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!
Сабақ кестесі
«Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуіріндегі ғылыми трансформация» атты III Халықаралық симпозиум өтетінін хабарлаймыз.
«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ»
Отбасы – өмірдің алтын арқауы
Digital Law Hackathon
Халықаралық дөңгелек үстел өтті 