Миссия мен міндеттер
.png)
Миссия: Өнер және білім саласында арнайы және кәсіби құзыретті, білімді, білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Орындаушылық өнер кафедрасының стратегиялық мұраты – ұлттық және әлемдік мәдени кеңістікте бәсекеге қабілетті, кәсіби даярлығы жоғары, шығармашылық әлеуеті мол орындаушылар мен өнер мамандарын даярлау арқылы өнер саласының тұрақты дамуына үлес қосу. Кафедраның басты бағдары – өнерпаздардың кәсіби шеберлігін тереңдету, инновациялық білім беру технологияларын енгізу, дәстүрлі және заманауи орындаушылық бағыттарды үйлестіру, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік базаны жетілдіру.
Кафедра стратегиялық мақсаттарын төмендегі бағыттар арқылы жүзеге асырады:
- Орындаушылық шеберлікті дамытатын заманауи білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
- Ұлттық өнерді сақтап, көпқырлы мәдени құндылықтарды насихаттау;
- Білім алушылардың шығармашылық ізденісіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету;
- Халықаралық деңгейдегі әріптестікті кеңейту және академиялық ұтқырлықты дамыту;
- Өнер педагогикасы мен орындаушылық практикада жаңа инновациялық әдістерді енгізу;
- Концерттік, сахналық мәдениетті терең меңгерген кәсіби тұлғаларды тәрбиелеу.
- Бұл мұрат кафедраның ұзақ мерзімді даму бағытын анықтап, өнер саласына жоғары кәсіби кадрлар даярлауға негіз болады.
Міндеттері
- Орындаушылық өнер саласындағы кәсіби мамандармен тәжірибе алмасу арқылы шығармашылық және кәсіби бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру;
- Академиялық ұтқырлық аясында жетекші өнер қайраткерлерін, тәжірибелі орындаушыларды, профессорлар мен мамандарды шақыру;
- Заманауи талаптарға сай кәсіби орындаушылық дағдыларды меңгерген, шығармашылық тұрғыдан дамыған бакалавр мамандарын даярлау;
- Профессор-оқытушылар құрамының кәсіби және шығармашылық әлеуетін арттыру, жетекші ғалымдар мен өнер майталмандарын тарту, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту;
- Ұлттық өнер мен мәдени мұраны дәріптеу, дәстүрлі және заманауи орындаушылық бағыттарды ұштастыру, шығармашылық және инновациялық қызмет нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу;
- Білім беру бағдарламалары бойынша дуалды оқытуды кезең-кезеңімен дамыту, студенттердің кәсіби тәжірибеден өтуіне және жұмысқа орналасуына қолдау көрсету;
- Концерттер, шығармашылық байқаулар, фестивальдер, шеберлік сабақтары мен өнер жобаларын тұрақты ұйымдастыру арқылы дарынды жастарды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Студенттердің сахналық мәдениетін, орындаушылық шеберлігін, кәсіби жауапкершілігін және шығармашылық ізденісін жетілдіру;
- Мәдениет және өнер ұйымдарымен, шығармашылық ұжымдармен және кәсіби мекемелермен ынтымақтастықты нығайту.
Сабақ кестесі 