shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Кафедра тарихы және жалпы ақпарат

Орындаушылық өнер кафедрасының тарихы 1995 жылы Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік және жастар сыйлықтарының лауреаты, Қырғызстан мен Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі, профессор, Парасат ордені, Тарлан сыйлығының ең жоғары дәрежесінің және «Театр өнері» номинациясы бойынша белгіленген алтын медалінің иегері, қоғам қайраткері аяулы ұстазымыз Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметовтың қолдауымен, 0602 – Орындаушылық өнер, 060240 – Актерлік өнер мамандығынының ашылуымен басталды. Кафедра меңгерушісі болып профессор Р.Сейтметов тағайындалып, жан-жақтан білікті мамандарды дәріс беруге шақырды. Айтар болсақ, театр сыншысы ө.ғ.д, профессор Б.Құндақбаев, п.ғ.к., доцент А.Ш.Кужахметова, ө.ғ.к., доцент К.М.Сейтметов, ө.ғ.к., А.Жұмаш, Балетмейстер, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері М.Қ.Баубеков, п.ғ.к., аға оқытушы А.Куздеубаева,  Республикалық «Жас қанат - 95» ән байқауының дипломанты, сазгер А.Н.Дүйсенов секілді ұстаздар алғашқы дәрістерді бастап кетті. Шеберлік сыныбына белгілі актер ҚР Халық әртісі А.Әшімов, С.Оразбаев, Д.Тұранқұлова, театр сыншысы Ә.Сығай шақырылып отырды. Р.Сейтметов өзінің роль сомдау жолында актерлық өнерге өзгеше леп, жаңа шеберлік тәсілдерін әкеліп, бір-біріне ұқсамайтын дара тұлғалар жасай білді. Алғашқы шәкірттері 3 курстан бастап екі тілде спектакльдерді ойнай бастады. 1997 жылдан бастап гастрольдік сапарларға шығып Түркия мемлекетінің бірнеше қалаларына барып, Б.Вахапзаденің «Көк түріктер» тарихи драмасы мен С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек», «Қыз жиырмаға толғанда» драмасын түрік тілінде сахналап қайтты. 

2001 жылы «Орындаушылық өнер» кафедрасының құрамына «Музыкалық білім», «Дизайн» мамандықтары қосылды. 

2004 жылы «Вокалдық өнер», «Дәстүрлі өнер», «Хореография» мамандықтары ашылып, арнайы Алматы қаласынан ҚР Халық әртісі, профессор Рахима Жубатурова мен Дәстүрлі музыка өнері мамандығына  ҚР Халық әртісі Қажыбек Бекбосын шақырылды.

Қазіргі таңда «Орындаушылық өнер» кафедрасының құрамында 6В02122 – Дәстүрлі музыка өнері, 6В02123 – Актерлік өнер, 6В02124 – Хореография, 6В02165 – Эстрада өнері, 6В01406 – Музыкалық білім, 6В01426 - Музыкалық білім (ІР), 6B02196 Музыкалық театр артисті білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр білімгерлерін дайындайды.

 Кафедра меңгерушілері:

1995-2004 ж.ж. кафедра меңгерушісі болып профессор Р.Сейтметов тағайындалды;

2004-2006 ж.ж. кафедра меңгерушісі болып профессор Қ.Қ.Бекбосын тағайындалды.

2006-2011 ж.ж. кафедра меңгерушісі болып ҚР Мәдениет қайраткері Е.Исатаев тағайындалды.

2011-2016 ж.ж. ж.ж. кафедра меңгерушісі болып ҚР Мәдениет қайраткері, доцент С.Елеуов тағайындалды.

2016-2020 ж.ж.  – кафедра меңгерушісі болып ө.ғ.к., доцент Б.Оспанов тағайындалды.

2020-2024 ж.ж.  - кафедра меңгерушісі болып ҚР Мәдениет қайраткері Ә.Ботақараев тағайындалды.

2024-2025 ж.ж. - кафедра меңгерушісі болып ҚР Мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы Д.Ельжанов тағайындалды.

2025-2027 ж.ж. - кафедра меңгерушісі болып ҚР Мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы Ұ.А.Кулетова тағайындалды.

 

 

          2025-2026 оқу жылы                                                                  2026-2027 оқу жылы

 

ОПҚ саны        Білімгер саны                                                       ОПҚ саны        Білімгер саны

      41                            214                                                                      41                        233