shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

Кафедарының ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші – 64%. Менеджмент және туризм кафедрасына қарасты білім беру бағдарламасының студенттері әлемдегі және Қазақстанда болып жатқан «Халықаралық ғылыми-практикалық» конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жатыр. Сонымен қатар, 2018-2021 жыл аралығында 1 студентіміз Түркияның үздік университеттерінде магистратура бағдарламасы бойынша білімін жалғастыруда.

2021-2022 оқу жылында шетелде оқыту жөніндегі республикалық комиссия отырысының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы шешімі бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясының лауреаттарының бірі PhD, доцент Келесбаев Динмухамед Нурмаханбетович болды.

Келесбаев Динмухамед Нурмаханбетович- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ атанды. 

Университеттің дамуына үлес қосқан кафедра оқытушылары PhD, аға оқытушы Куралбаев Алмас Ахметкаримович, PhD, аға оқытушы С.Баймаганбетов және PhD, доцент Г.Момбекова - 2023 жылы Университеттің 30 жылдық мерейтойлық төсбелілерімен марапатталды. 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2023 жылғы 17 қазандағы № 654 бұйрығының негізінде  PhD Момбекова Гульмира Райбековна және PhD Болганбаев Артур Дуйсенбекович  50200 – Экономика және бизнес ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атақтарына ие болды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 151 бұйрығы негізінде Келесбаев Динмухамед Нурмаханбетовичке 50200 – Экономика және бизнес ғылыми  бағыты  бойынша  профессор  ғылыми  атағы  берілді.

2023-2024 оқу жылында Ахмет Ясауи университеті мен Мугла Сытқы Кочман университеті арасында қос дипломды «Туризм менеджмент» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламалары іске асуда.