Білім беру бағдарламасы
6+
Білімгер
236+
Жұмыспен қамтылған
83%
ОПҚ
20+

Біз туралы

2020-2021 оқу жылындағы Университет Сенатының кезектен тыс онлайн-отырысының шешімімен негізі 1991 жылдары қаланған «Менеджмент»,  «Туризм»  кафедралары университет кафедраларының қызметін оңтайландыру мақсатында екі кафедра бірігіп «Менеджмент және туризм» кафедрасы болып біріктірілді. 2023-2024 оқу жылының 10 қазандағы №1/1122 санды бұйрығына сәйкес кафедраларды біріктіру, тиімді ұйымдастыру, мамандықтарды кафедраларға ауыстыру мақсатында  «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы  «Менеджмент және туризм» кафедрасы құрамына енгізіліп, кафедра атауы «Менеджмент және туризм» болып қайта бекітілді. 2022 жылдың 2 ақпан айынан бастап бүгінге дейін Момбекова Гулмира Райбековна «Менеджмент және туризм» кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Қазіргі таңда кафедарының ғылыми дәрежелік көрсеткіші: 64%, оның ішінде э.ғ.д., профессор-2, PhD, профессор-2, э.ғ.к. доцент – 3, PhD, доцент – 4, PhD, аға оқытушы – 5,  Магистр, аға оқытушы – 3, Магистр оқытушы – 6 жұмыс істейді

Кафедраның қызметі: оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге бағытталған.

Кафедраның құзыреті: теориялық және іс-тәжірибелік дайындықты меңгерген, кәсіби біліктілігі мен білімі жоғары, мемлекеттік білім беру стандартына сай мамандарды даярлауды жүзеге асыру.

Менеджмент және туризм кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Менеджмент және туризм кафедрасыБакалавриат

Бакалавриат

6B04140 — Менеджмент бакалавриат бағдарламасы

Менеджмент бакалавриат бағдарламасы

Бизнес менеджментте жоғары деңгейлі қолданбалы білімдер мен басқарудың замануи бағыттарының теориялық және тәжірибелік негіздерін игерген ұйымдастырушылық, талдаушылық, көшбасшылық қабілеттерге ие бәсекеге  қабілетті мамандар даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

Бағдарлама нәтижелері
  • Экономикалық және әлеуметтік процестерді талдауда математикалық моделдеу, статистикалық деректерді өңдеу, ұйымның қаржылық операцияларын есепке алу  әдістері мен құралдарын  қолдана отырып талдаушылық функцияны жүзеге асыру.
  • Тұтынушылармен өзара қарым қатынас процесін тиімді жүзеге асыруда маркетингтік құралдарды  қолдана отырып, әлеуметтік ортада басқарушылық шешімдерді қабылдау.
  • Қаржылық шығындардан қорғану шараларын қарастыруда дағдарысқа қарсы басқарудың заманауи әдістерін қолдана отырып, компанияның бизнес  іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқаруға қабілетті .
     
Қабылдау шарттары
  • Менеджмент бағдарламасына оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
Оқу бағдарламасы
Кәсіби қызмет саласы
  • Экономиканың нақты секторы, қаржылық – банк жүйесі, бизнес және кәсіпкерлік.
  • Стратегиялық басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйым қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша басқарушылық зерттеулер.
  • Обьектілерде ұйымдастырушылық – экономикалық және басқарушылық қатынастардың тиімді жүйесін құру және қолдану үшін басқарушылық зерттеулер.
  • Стратегиялық және тактикалық жоспарлау әдістері, ережелері мен процедуралары.
  • Талдау, есептік – нормативтік, кеңес беру қызметтері.
  • Басқарудың ғылыми – әдістемелік және ұйымдастырушылық – әдістемелік базасын құру.
  • Ұйымдастырушылық жобалау және жобаларды техникалық – экономикалық негіздеу болып табылады.
     
Білім беру бағдарламалары
Аккредиттеуден өткен туралы куәлік
PDF in HTML
Элективті пән каталогы

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз