shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

ТҮРКИЯ ДИПЛОМАТЫ ЛЕВЕНТ МУРАТ БУРХАН СТУДЕНТТЕРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Түркия Республикасының белгілі дипломаты Левент Мурат Бурхан Экономика және басқару факультетінің студенттері және оқытушы-профессорларымен онлайн кездесу өткізді. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына орай дипломатиялық сұхбаттар сериясы аясында – «Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы және Түркияның  БҰҰ жүйесіндегі орны» тақырыбында баяндама оқыды.

Басты мақсат – Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдық тарихын, оның қазіргі жаһандық саясаттағы орны және Түркия Республикасының БҰҰ жүйесіндегі рөлін саралау. Көпжақты дипломатия тәжірибесі мен халықаралық ұйымдардағы мемлекеттің ұстанымын талқылау. 

Левент Мурат Бурхан – 1982 жылдан бастап Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған кәсіби дипломат. Сонымен қатар, Сомали, Германия, Болгария, Ресей және Грузия елдерінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған маман.Түркия СІМ-де Протокол басқармасының басшысы және Көпжақты саяси мәселелер жөніндегі хатшының орынбасары, Біріккен Ұлттар Ұйымының істеріне жауапты болған.

Басқосу соңында қатысушылар тың ақпараттармен бөліскен спикерге алғыстарын білдірді.