«Қаржылық қауіпсіздік және экономикалық тергеп-тексеру»
Экономика және басқару факультетінде «Қаржылық қауіпсіздік және экономикалық тергеп-тексеру» тақырыбында іс-шара өтті
Бүгін университетіміздің Экономика және басқару факультетінде «Қаржылық қауіпсіздік және экономикалық тергеп-тексеру» тақырыбында ақпараттық-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімдерін кеңейту, экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдарын түсіндіру және экономикалық тергеп-тексеру органдарының қызметімен таныстыру.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы арнайы қатысып, факультет ұжымымен және студенттермен кездесті.
Кездесу барысында қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, қаржылық алаяқтықтың алдын алу, заңсыз қаржы айналымын анықтау және экономикалық тергеп-тексеру органдарының қызметі туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, департамент басшысы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың рөліне тоқталып, осы саладағы кәсіби қызметтің ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы ақпаратпен бөлісті.
Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала өкілімен еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби бағдарын қалыптастыруға және болашақ маман ретінде жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Кездесу қорытындысында қаржылық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету – мемлекет дамуының маңызды бағыттарының бірі екені атап өтілді.
Осындай мазмұнды іс-шаралар университет пен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің кәсіби құзыреттілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
.png)
Сабақ кестесі
Стартап жоба: идеядан іске
Әлеуметтік – мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі
Құрметті Мырзабекқызы Құндыз сізді құттықтаймыз!
«Андалусияның бренд қалалары» тақырыбында семинарға шақырамыз
"Дүниежүзілік тазалық күні" акциясы
Бірінші курс студенттерін қарсы алу кеші
Тұрақты қалдықтарды басқару қалай жүзеге асырылуы тиіс?
Құрметті 1-курс студенттері!
Құрметті ғылыми қауым өкілдері!
ӘЙЕЛДЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТЕГІ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ
ТЕҢДІКТІ ТҮСІНУ: БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕМ 