Студенттеріміз жетістікпен оралды!
Факультетімізге қарасты «6В03138-Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының студенттері Almaty Management Universityде өткен «Халықаралық қатынастар және аймақтану» бағыты бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жүлделі ІІІ орынға ие болды. Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Амирбек Айдарбектің ғылыми жетекшілігінде студенттеріміз: Бердібекұлы Мәди, Хамит Арайлым, Лес Ақбота, Ахетова Адия, Қарабай Раушанбек «Тұрақты даму және Қазақстанның сыртқы саясаты» атты жобаларын сәтті қорғап, сарапшылар тарапынан жоғары деңгейде бағаланып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Осы орайда, бұл студенттерімізді құттықтай отырып, жетістіктерінің арта беруін тілейміз.
Емтихан кестесі
ТЕҢДІКТІ ТҮСІНУ: БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕМ
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ДАҒДАРЫС
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ҚАРУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРУСЫЗДАНУ
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ТҮРКИЯ-ГРЕКИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Біріккен ұлттар ұйымының 80 жылдығы және Түркияның БҰҰ жүйесіндегі орны
Азаматқа қызмет ету:бір кәсіби маманнын біріккен ұлттар ұйымындағы жолы
Халықаралық көші-қон үдерісі
Таяу шығыстағы соңғы оқиғалар аясында ирактың геосаяси маңызы 