Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ОҚУ ОРДАМЫЗҒА ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САУДА МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИЦЕ-МИНИСТРІ СЕЗАЙ УЧАРМАК КЕЛДІ

Бүгін университетімізге Түркия Республикасының Сауда министрлігінің вице-министрі Сезай Учармак келді. Қадірлі қонақты Өкілетті Кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшек пен ректор Жанар Темірбекова және ректор өкілі Нажи Генч қарсы алды.

Айта кетейік, құрметті қонақ 5-9 қыркүйек аралығында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің кеден қызметі басшыларының 11-отырысына қатысу үшін арнайы келген.

Түркия Республикасының Сауда министрлігінің вице-министрі Сезай Учармак Экономика және басқару факультетінің студенттермен кездесу өткізді. Жастарға білім алу жолында өзінің ақылын айтып, жол көрсетті.

«Түркі жұртының рухани астанасы Түркістанға қайта келгеніме қуаныштымын. Сіздермен жүздескенім үшін де ерекше бақыттымын!

Студенттерге айтарым, жастық шақты бағалай біліңіздер. Университетте сіздерге көптеген мүмкіндіктер ұсынылған екен. Білім алып, даму жолында осы мүмкіндікті барынша пайдаланыңыздар. Себебі, еңбек ету адамзат үшін аса маңызды»,-деді. 

Еркін форматта өткен жиында Экономика және басқару факультетінің студенттері өздерін қызықтырған сауалдарын жолдап, тың жауаптар алды.

Сондай-ақ, Сезай Учармак оқу ордамызда 1-курс студенттерін қарсы алу мақсатында ұйымдастырылған салтанатты кешке қатысып, қонақ болды.

Әрі университетіміздің Ботаникалық бағын аралап, жұмысымен танысты.