Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Тазалық – тәртіптің айнасы!

17.10.2025 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экономика және басқару факультетінің Менеджмент және туризм кафедрасының студенттері университет аумағында сенбілік ұйымдастырды.

Акцияның басты мақсаты — таза, көркем және жайлы орта қалыптастыру, студенттер арасында еңбекқорлық пен экологиялық мәдениетті насихаттау болды.

Бұл іс-шара тек тазалық жұмысы ғана емес, жауапкершілік пен ұжымдық рухтың жарқын көрінісі болды. Студенттер табиғатты қорғау мен қоршаған ортаға қамқорлық танытудың әрбір азаматтың борышы екенін өз істерімен дәлелдеді.

Іс-шара соңында кафедра ұжымы тазалық эстафетасын Қаржы кафедрасына жолдады.